Біреулерге баю деген арман, ә?! – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Біреулерге баю деген арман, ә?!» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1963
Біреулерге баю деген арман, ә?!
Сыймайсың-ау кейде адам арнаңа.
Сатылады бұл дүниеде бәрі де,
Ауа,
Ауа,
Сатылмайтын сен ғана.
Небір ойлар тулап жатыр санамда,
Қанағат жоқ
Неге,
Неге адамда.
Ауа, өзің тірлік беріп келесің,
Онсегіз мың ғаламға.
Керек, керек дүние сырын шын ұғу,
Ылайламай жаратылыс тұнығын.
Өркениетке жеткізген де сол еді,
Адамзатты құртатын да – құнығу.
Кей істерді түсіне алмай жатам-ау,
Жүрегімнен лапылдайды от-алау.
Көзбен көріп,
Қолға ұстауға болса егер,
Бұл адамдар ауаны да сатады –ау!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері