Асыл аға

Бұл бетте «Асыл аға» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 6318
(Туған ағам Әбдіразаққа)

Біреулер мақтады деп тасымаған,
Біреулер даттады деп жасымаған,
Өзгеге шапағаты шашыраған,
Өмірде сирек туған асыл адам –
Өзің ең баға жетпес асыл ағам.
Қырандай көк төсінде қалықтаған,
Қылаудай өсек-аяң дарытпаған,
Пендені ренжітіп налытпаған,
Ешқашан өзге мінез танытпаған,
Өзің ең үнемі бір қалыпты адам.
Жан едің арамдыққа аттамаған,
Жаманды жақтамаған, даттамаған,
Көңліне кірбің сөзді сақтамаған,
Үлгі боп келе жатқан шақта маған,
Қалайша алып кетті Хақ тағалам?
Бұлбұл ең суырылып сайрамаған,
Гүлгүл ең әлі толық жайнамаған.
Көз жұмдың қапылыста, қайран ағам,
Білмеймін, қайдан іздеп, қайда барам?
Өзіңдей асыл аға қайда маған?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асыл аға өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Асыл аға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асыл аға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асыл аға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері