Ассалаумағалейкум

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4274
Ассалаумағалейкум, таныстарым,
Егер таныс болмасақ – танысқаным.
Жұмыр жерде жүрген соң адам болып,
Ақиқат қой түбі бір табыспағым.
Ассалаумағалейкум, туыстарым,
Егер сәлем бермесем – суысқаным.
Өздеріңмен өрекпіп, өрге шауып,
Өздеріңмен топ бастап, ту ұстадым.
Ассалаумағалейкум, ағайындар,
Егер сәлем бермесем – қарайыңдар.
Өздеріңмен көңілім көтеріңкі,
Өздеріңмен салтанат сарайым бар.
Ассалаумағалейкум, жақындарым,
Егер сәлем бермесем – шатылғаным.
Өздеріңмен ақылым арта түсіп,
Өздеріңмен шешен де, ақындамын.
Ассалаумағалейкум, алыстарым,
Сәлем берсем – сендермен танысқаным.
Жұмыр жерде жүрген соң адам болып,
Ақиқат қой түбі бір табыспағым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ассалаумағалейкум өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ассалаумағалейкум өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ассалаумағалейкум өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ассалаумағалейкум өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері