Бұл бетте «Тең келмейтін нар, атан» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тең келмейтін нар, атан
Қысымына күшінің,
Жігіттердің жаратам
Мәрмәрдай нық мүсінін.
Жарау аттай жұтынып,
Тартылуы ішінің –
Азаматтың күтініп,
Арттыруы пішімін.
Коспақтанып келуі
Қақпақ жаурын тұсының –
Сыртқа айқын тебуі
Сұлу сымбат түсінің.
Құрметпенен қабыл ал
Кісілігін кісінің.
Еңбегімен танылар
Нәтижесі ісінің.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі