О, дүние – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «О, дүние» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1407
О, дүние, салма ойымды әлекке,.
Менің тіпті көлеңкемнен дәметпе.
Салтанатты осы өмірдің меншігі –
Жарайтұғын нәрсем болса әжетке.
О, дүние, ойлап сені не етемін?
Жарқын өмір – менің нұрлы мекенім.
Бәрі осында – дұшпаным да, досым да,
Мен оларды тастап қайда кетемін?
Достарыммен жарасамын, жарысам,
Дұшпаныммен қағысам да табысам.
О, дүние, өкпелеме, аулақ жүр,
Тіршіліктің мәні осы, танысаң.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері