Бұл бетте «Аралап қыр, атырап» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аралап қыр, атырап,
Шатқал менен аңғарды,
Көл сыр ұқтым бақылап,
Түзде жортқан аңдарды.
Өмір сүрген аралас
Бірісімен бірісі.
Жан ұшырға жағалас –
Кішісі де ірісі.
Әрекеті, әдісі –
Тасалап тас, бұтаны,
Әлсіздерін әлдісі
Аямайды, жұтады...
Ақ жарылып жүрегі,
Тек ізгілік ұялап,
Адамзаттың түлегі
Көрмесе екен қиянат.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі