Бұл бетте «Жағажай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айдын да көкпеңбек,
Шалғын да көкпеңбек.
Қыз, жігіт көптен көп
Кеткен бе көктем боп?
Көңіл де тоқиды,
Көлің де толқиды.
Арулар айдында
Аққу боп шолпиды.
Ақ тәндер – құмақта,
Ақ тәндер – шуақта.
Күлкілер күй болып
Келеді құлаққа.
Көрермен атынан
Қызыққа шақырам.
Осы жер – экран,
Осы жер – сахнаң.
Мұнда жоқ жеке жан,
Мұнда жоқ Бекежан.
Қысылмай көтер ән,
Осы жер – операң.
Қыздырған, әне, күн
Қыздардың ақ етін.
Бұралған бұраң бел
Осы жер – балетің.
Кез емес аяңдар,
Тартынба, таян, бар.
Осында – Жібектер,
Осында – Баяндар.
Көңілді ортаң бар,
Айт, қандай қолқаң бар.
Осында – Аймандар,
Осында – Шолпандар.
Көкжиек құбылтып,
Қадайды нұрын тік.
Алау кеш – антракт,
Мұнар түн – шымылдық.
Айрықша, дара жай –
Осылай жағажай.
Қаныңды желпінтіп,
Қалқиды «Қамажай».
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі