Бұл бетте «Еркетай өскен елік пе ең?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
05.08.2019
0
0
1693
Еркетай өскен елік пе ең?
Көктеммен қатар келіп пе ең?
Айрықша артық көрікпен
Айырдың мені еріктен.
Бауырын жазған биікте
Қияда көрген киік пе ең?
Жанымды желпіп иіткен,
Қарағым, неткен сүйікті ең!
Самала сағым көтерген
Бұлдырап аққан бөкен бе ең?
Армандан мәңгі өтер ме ем?
Құлан боп қуып кетер ме ем?
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі