Өлең, жыр, ақындар

Туған жерім – тұрағым

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3465
Туған жерім – тұрағым,
Тартады да тұрады.
Көрген сайын құмарым
Артады да тұрады.
Бұраңдаған белдерін
Қарап келем айнала.
Дөңгеленген көлдерін
Балап келем айнаға.
Сылаң қағып сылдырап,
Ағып жатыр бұлағы.
Сәлемдесіп, сыбдырап,
Танып жатыр құрағы.
Көз үйірген Қаратау–
Көп жүгірген төбешік.
Аржағында Алатау
Жатыр көкпен теңесіп.
Батысында – Келесі,
Шығысында – Таласы.
Құлпырып әр белесі,
Жатыр Жамбыл даласы.
Қарсы алады алдымнан
Жора-жолдас, ән-думан.
Балалықты балдырған
Осы жерде қалдырғам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Трактор

  • 0
  • 0

Дала төсін тілімдеп,
Тоқтамайды трактор.
Қарайды інім күлімдеп,
Байқауымша ұнап тұр.

Толық

Мұратбекке

  • 0
  • 0

Бізге берген уәдең ойыңда жоқ:
Өгіз соям деп едің, қойың да жоқ.
Той жасаймыз іс бітсе деген сөзге
Күдіктене қараймыз ойын ба деп.

Толық

Орыссыз орыс мектебі

  • 0
  • 0

Естімеген елде көп,
Есек мінген пенде көп, –
Деген сөзді естігелі,
Етек жиып, ес білгелі,

Толық

Қарап көріңіз