Өлең, жыр, ақындар

Көкбұлақтың қойнауы

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1191
Көкбұлақтың қойнауы
Жерұйықты жер екен.
Таусылмайтын тойлауы,
Тамашалы ел екен.
Сұлулықтың бұл жаққа
Мол еншісі тиіпті-ау.
Терең өзек бір жақта,
Бір жағында биік тау.
Сылқ-сылқ күліп, дөп құлап,
Ағып жатыр мың бұлақ.
Бір жағында –Көкбұлақ.
Бір жағында Шыңбұлақ.
Күй боп енер сезімге
Көл жағалай көгарыш.
Мұндай жердің өзінде
Еңбек ету – демалыс.
Түндері тым тамаша,
Тартатұғын сыйы көп.
Аспаны да аласа,
Жұлдызы да жиірек.
Тамылжыған таң әне,
Шұғылалы, арайлы.
Оңтүстіктің самалы
Тәніңе от боп тарайды.
Көрсең мейір қанатын
Қос бұлақтың етегі –
Кеңге жайған қанатын
Әнші ауылдың мекені.
Қыз, жігіті жиылып,
Шыққан кезде ән салып.
Асау жүрек жиі ұрып,
Танданасың тамсанып.
Жұпар сепкен ертемен
Өзен бойы жалбыздар.
Өзегіңді өртеген
Құралай көз балдыздар.
Қыз алдында қысылып,
Отырмауды жөн көрер,
Кәусар қымыз ұсынып,
Жымыңдайды жеңгелер.
Көңілін тауып атаның,
Күймен айтсаң мырзалық.
Сипай қойып сақалын,
Білдіреді ырзалық.
Көкбұлақтың керемет
Табиғатын қиялдай,
Аз күн болып, не керек,
Кетіп барам қия алмай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бақшамызға барамыз

  • 0
  • 0

Оянамыз таң нұрымен,
Аттанамыз бақшаға.
Қарсы алады ән-жырымен
Бақшамызда жақсы ана.

Толық

Өрмекші мен шыбын

  • 0
  • 0

Бip өрмекші зор қылып,
Жатыр еді тор құрып.
Шыбын айтты:
– Өрмекші,

Толық

Жанымды менің ұғыңдар

  • 0
  • 0

Күлімдеп тұрған күнім бар.
Күнім бар, нәзік гүлім бар.
Әнім бар, әсем жырым бер –
Жанымды, менің ұғындар.

Толық

Қарап көріңіз