Көрмей жүріп сүйгендер – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Көрмей жүріп сүйгендер» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 768
Көкірегіңе көп қуаныш түйіпсің,
Ашылу аз, жабығу көп тұйықсың.
Тірліктегі бір ғажайып сол шығар,
Көрмей жүріп, көргендей боп сүйіпсің.
Қиядағы сен жез қанат киіксің,
Көңіліңе көп сағыныш үйіпсің.
Бұл жалғанда махаббаттың құлы едім,
Махаббаттан сен ерекше биіксің.
Тілегіңнің ең асылын қиыпсың,
Жырымды оқып егіз жандай ұйыпсың.
Содан болар, қай қияда жүрсең де,
Жүрегіңе жүрегімді түйіпсің.
Жырға балқып, әнге алғыс үйгендер,
Жаса, жаса, көрмей жүріп сүйгендер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері