Жыр жазады ақындар жиып есін – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жыр жазады ақындар жиып есін» атты Абдрахман Асылбек жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1254
Жыр жазады ақындар жиып есін,
Жиып есін, селтеңнен тыйып өзін.
Жанұялы болған соң – кең ұялы,
Қара қамыт мойынға киінесің.
Ақын деген, әрине, биік есім,
Бірақ, оттың басында иілесің.
Қатын менен балаңды аш қалдырып,
Ренжіткің келмейді үй иесін.
Сондықтан да кейбір сәт күйінесің,
Шабытыңды шақырып, шүйілесің.
Бұрқыратып жазасың, шырқыратып,
Өлең мейлі иісін, иімесін.
Алатұғын осы ма сый-үлесім?
Жинағымды ұсынам жиі несін?
Болмаса, аға, жақсы жыр жазбаймын ба,
Аңсап-аңсап оқитын сүйіп өзің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері