Таралған тобылғыдай – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Таралған тобылғыдай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1510
Таранған тобылғыдай тәнің сұлу,
Сенде жоқ тәкаббарлық, тәлімсіну.
Ақ тілек ақ бұлақтай ақтарылған,
Жайдары жаз күніндей жаның сұлу.
Ерекше жаның сұлу жаратылған,
Оятып от сезімді, таң атырған.
Кіршіксіз күміс күлкің қоңыраудай,
Алтын нұр жанарыңнан таратылған.
Жалт еткен жанарыңнан жарық көрдім,
Қаяусыз көңіліңді анық көрдім.
Өзіңмен бірдей санап жұрттың бәрін,
Келеді жүрегіңді жарып бергің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері