Мен неге осыншама ғашық болдым?

Бұл бетте «Мен неге осыншама ғашық болдым?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2453
Мен неге осыншама ғашық болдым?
Мен неге осыншама тасып-толдым?
Өйткені, мәңгі жұмбақ жүрегіңнің
Қақпасын мейірімді ашып көрдім.
Мендегі көп кемісті кешірдің сен,
Кешіріп, мәртебемді өсірдің сен.
Бәрі де сенің арқаң, сәулетайым,
Қол жетпес кей табысқа кеш үлгірсем.
Ғұмырым қысқа болар, ұзақ болар,
Сені аңсап өтер күндер, жүз апталар.
Торғайдай торға түсіп тыпырлаған,
Тірлігім тек өзіңмен тұзақталар.
Мен сені неге сүйем кереметтей?
Қасыңда шыр айналам көбелектей.
Өйткені, өмір сүру мүмкін емес,
Сенің әр қимылыңды өлең етпей!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен неге осыншама ғашық болдым? өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мен неге осыншама ғашық болдым? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен неге осыншама ғашық болдым? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен неге осыншама ғашық болдым? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері