Көгершін – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Көгершін» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 5130
Сөгіп қара түн өлкесін,
Күн шұғыласын шашқанда.
Хабар тасып көк көгершін,
Көтерілді аспанға.
Сол хабарда жатыр еді,
Картасы қыр-сайлардың.
Сол хабарда жатыр еді,
Картасы қан майданның.
Көгершіннің қанатында
Өмір, өлім таласы...
Жалғасты тез қапелімде
Майдандардың арасы.
Көк көгершін жауапты алып,
Оралды күн батарда.
Көгершіндей қанаттанып,
Шықты ерлер сапарға.
* * *
Ормандары орыстың,
Отын кештің соғыстың.
Қалқан болып кеудеме
Бомба түссе болыстың.
Әр қарағай, әр қайың,
Досым болдың әрдайым.
Жапырағыңа сүңгіді,
Дулығалы маңдайым.
Жандым лаулап көмірдей,
Кештім күннің ауырын.
Сақтап қалды өмірдей
Тереңдегі тамырың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көгершін өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Көгершін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көгершін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көгершін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері