Бір асу бар арада – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бір асу бар арада» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1424
Арамызда бір күдік – сенбестік бар,
Арамызда бір үміт – сөнбестік бар.
Екі оттың оранған ортасында –
Арамызда, әйтеуір, дербестік бар.
Бір асу бар арда – түрпі нағыз,
Сол түрпіні жеңе алмау – күлкі нағыз.
Екі жақта тұрып-ақ екеуіміз,
Бірімізге біріміз ынтығамыз.
Нар тәуекел, кәнеки, етейік те,
Сол асудан сүрінбей өтейік те.
Бірімізге біріміз жетейік те,
Қол ұстасып қиянға кетейік те.

18.02.2001 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері