Бәрі де алда – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бәрі де алда» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1652
Көктемнің күнінде
Мұңайып қалма.
Бақ қонар түбінде –
Бәрі де алда.
Кештете келемін –
Роза қолда.
Шам жағып беремін –
Бәрі де алда.
Жайласып жатамыз –
Рахат жанға.
Қызыққа батамыз –
Бәрі де алда.
Түн бойы көз ілмей,
Тұрамыз таңда.
Жан бар ма өзіңдей –
Бәрі де алда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері