Желді кезең – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Желді кезең» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2377
Қойшының қоңыр әні қой қайырған
Ұшқанда жазғы ауылдың жайлауынан,
Еседі әнмен бірге ерке желдер
Желпініп Желдікезең қойнауынан.
Жарылған аппақ гүлдер қауызынан,
Тамаша айнымайды тау қызынан.
Перзентін сұлулықтың толғатқанда,
Түскендей табиғаттың ауызынан.
Ауаң бар ауру жанды сауықтырған,
Алатау, бір өлеңсің ағып тұрған.
Мен қостым сол жырыңа бір шыңыңды,
Сыртыңнан қарауылдап бағып тұрған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері