Ой – Алтынай Алиева

Бұл бетте «Ой» атты Алтынай Алиева жазған поэзия туралы өлең берілген.

Өмірімнің әр сәтінде - ойланам...
Тәуелдіме, таусылмайтын ойға адам?
Ұшқыр қиял дес бермейді дегбірге,
Санам әр кез сансыз ойға тоймаған.
Адамдардың озық ойы, қиялы,
Арман - мұңы, кеңістікке сияды.
Біреулері, жарқыратса жанарды,
Біреулері жалыныңды тияды.
Бірінен соң, бірі келіп бітпейтін,
Ойларыммен арпалысам күтпейтін.
Бұл өмірден "бос" өтпесем екен деп,
Жүрегіңе жауаптысын жүктейсің...
А.Алиева #Жүректегіжазбалар
15.03.2020


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері