Өлең, жыр, ақындар

Өсиет

  • 26.12.2021
  • 0
  • 0
  • 902
Бекер жүрме босқа уақыт өткізіп,
Күн сәулесін жай ауаға төккізіп.
Баға жетпес уақытыңды пайдалан,
Армандарың жасап жатыр айналаң.

Жалқаулық пен ұйқыны сен жеңе біл,
Бұл өмірдің мүмкіндігін көре біл.
Ғажайыптар шексіз мынау әлемде,
Тәуекел деп өз-өзіңе сене біл.

Елестетші сол бір сәттің болғанын,
Арманынның шындыққа айналғанын.
Ұлы істе үндемей, сырыңды ашпай
Мақсатыңды шын ниетпен орындағың.

Ақырын жүріп, қадамыңды анық бас,
Мықты болсаң сені ешкім жеңе алмас.
Аз тыңдап, көп сөйлеген ақымақтар,
Қиын жолда тығырықтан шыға алмас.

Ой санаңды жаман ойдан тазала,
Бұл болмас деп ешқашан алаңдама.
Әрекеттен, еңбек етіп, тоқтамай,
Сүрінсеңде құласаң нардан құла.

Мойымағын кішкентай қиындыққа,
Жолың ауыр білесің шығар шыңға.
Шаршағанда арманыңды есіңе ал,
Тоқтама, әлсіз болма,биік самға.

Ақылды бол, алдыға жүріп отыр,
Құлағыңды пайдаға түріп отыр.
Кітаппен білімнің ер жетегіне,
Сенемін мен қолыңнан келеріне!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаңа жылға тарту

  • 0
  • 0

Жаңа жаңа арман жетелеп,
Жетістік пен сәттіліктер көп болсын.
Жақыныңа кек сақтаумен, өкпелеп,
Жаңылулар түбегейлі жоқ болсын.

Толық

Қарап көріңіз