Шағантайым, тәңірім – Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Бұл бетте «Шағантайым, тәңірім» атты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.09.2022
  • 0
  • 0
  • 1242
Шағантайым, тәңірім,
Қасың сенің – қайқы қылыш!..
Қалқан – дәтім жамылып қалдым
аман...

Енді, маған...
ерініңнің отына
жанбау үшін, Тән
Дауысын

мұздай Ойға матырам.


Қонып қалмақ Өлөң едім қос анардың түбіне.

«Өлер бала» Өлөңде де одан әрі жүгірер!..

Сен де қусың, бұрымыңмен арбауыңды қоймадың.
Мендегі өзек – сыбызғы ғой,

сыбызғымды ойнадым...

Құдіреті – көзің екен – тұңғиыққа тартудың:

«тұншықтым» да... батып кеттім!
Үйренсемші «малтуды»...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері