Тау өзендері – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Тау өзендері» атты Сырбай Мәуленов жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3865
Тастан тасқа секіріп,
Ақ жалын болып атылған.
Айқай-шумен өкіріп,
Толқынды қағып сапырған.
Ой салып сырын ұққанға,
Табиғат жырын тыңдатқан.
Бұрқанған долы бұлттарға
Ысқырып жел боп тіл қатқан.
Ашуланып ақса да,
Қаһарлы таудан бас алып.
Жеткенде ойға — бақшаға,
Желкілдер гүл боп жасарып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері