Көсем тұлғасы – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Көсем тұлғасы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2351
Қара бұлты түнерсе де қауіптің,
Ленин болды бар ғаламға жарық күн.
Россияда ұлы Ленин көтерді,
Маркс ойын, ауыр жүгін тарихтың.
Тарих кеме жүзді талай жойқында,
Тарих кеме түсті талай талқыға.
Көк дауылда, от жалында, толқында,
Қалды Ленин баяғы сол қалпында.
Көк жарылған, ел тарылған заманда,
Жан отымен жалын берді адамға.
Таспайтынын, саспайтынын ойласақ,
Бүкіл өмір ой сабыры бар онда.
Түрме, Сибирь көрсің мейлі боранын,
Ленин оған шытқан да жоқ қабағын.
Кішкентай бір көзге қораш лашықтан,
Шырақ болып, бұлақ болып тарады үн.
Жатты ол ойын тар қыспақтан таратып
Бүкіл елді бір өзіне қаратып.
Ленин түнде отырса да түрмеде,
Күн ойынан келе жатты таң атып.
Жеткен сонша ұлы істерге батылы,
Ленин барлық батырлардың батыры.
Мұхиттардан тереңірек ойы оның,
Аспаннан да аумақтырақ ақылы.
Лениннен пайда болды бұл жаңа ел,
Ленинге, ұлы өмірге ырза ел.
Ленин өзі гүлденсін деп қол қойған,
Мың ғасырды аттап өтті Мырзашөл.
Капиталдар салам деген қалтаға,
Қарағанды жарқырайды Арқада.
Терезесін басқа елдермен тең етіп,
Қазақ жерін түсірді Ленин картаға.
Кетсе де өтіп талай жаз бен талай күз,
Ленинді біз мәңгілік деп санаймыз.
Алматыда Үкімет үйі алдында,
Гүл алаңға, ұлы адамға қараймыз.
1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көсем тұлғасы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Көсем тұлғасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көсем тұлғасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көсем тұлғасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері