Сорым ба, әлде бағым ба – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сорым ба, әлде бағым ба» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2443
Сорым ба, әлде бағым ба,
Шауқар тартқан шағымда,
Өзіңді көріп өзгердім,
Айналып бұлдыр сағымға.
Анадан қайта туғандай,
Жаңардым жанды жуғандай.
Өзіңе қарай бердім мен,
Нұр таңым атып тұрғандай.
Осы үміт мәңгі сөнбесін,
Көңілім көлдей көлдесін.
Мәңгілік махаббатымның
Өзің бол ашар пердесін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері