Гитара, жырла – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Гитара, жырла» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4593
Гитара жылап солқылдайды,
Тағдырдан жапа шеккендей.
Өмір – бейне толқын қайғы,
Махаббат жырақ кеткендей.
Гитара жылап өксік қағар,
Бір-бірімізді тыңдатпай.
Түтін де уын тосып бағар,
Жүректі мұңнан құрғатпай.
Гитара, тоқта, жыламашы,
Қуанғын қымбат өмірде.
Қос кептердей ұлан асыр
Қалқиық көктем көгінде.
Гитара, жырла шапағатты,
Сәттілік пенен шаттықты.
Гитара, жырла махаббатты,
Жүректі тербеп бақытты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері