Өлең, жыр, ақындар

Менің атым – Абдурахман

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1837
Бұл – кітаптан алынған әз есімім,
Алла берген ниетпен несібім.
Бұл ұғымның тарауы бар сан тарау.
Мүмкін емес бәрін бірдей қайталау.
Алланы сен теңдесі жоқ бір деп біл,
Бар әлемге мәңгілікке нұр деп біл.
Есімдегі құл дегенің – құлшылық,
Нұр дегенің Алла берген тіршілік.
Құлшылық ет, Құдайға міндетті ісің,
Өйткені сен Мұхаммед үмбетісің.
Нұр дегенің Алланың ақ арайы,
Сол үшін бас иетұғын сарайы.
Арайлы ақ таңда да.
Түнгі тылсым маңда да,
Бар ниетпен беріліп,
Құлшылық ет Аллаға!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өздерінен үйренгем

  • 0
  • 0

Қыздар қанша сүйгенмен,
Сөздеріне нанбаймын.
Өздерінен үйренгем,
Мен де өздерін алдаймын.

Толық

Алматының арықтары

  • 0
  • 0

Армасың, Алматының арықтары,
Көңілдер өздеріңмен қалықтады.
Ақтыңдар ақтарыла көше бойлап,
Баяғы бал әуенге салып тағы.

Толық

Күріш пен күрмек

  • 0
  • 0

Жайқалып күріш тұрды,
Береке, ырыс тұрды.
Қасында Күрмек тұрды,
Күрішті күндеп тұрды:

Толық

Қарап көріңіз