Қарға мен тауық

Бұл бетте «Қарға мен тауық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2065
Смоленск князі
Айласына болып өзі разы,
Тұзақ құрып сан түрлі,
Мәскеуді жау қолына қалдырды.
Үлкен-кіші, бар тұрғыны қаланың
Шулай көшіп жатты анық,
Шыққандай боп топтанып,
Ұясынан араның.
Қарап тұрды Қарға асықпай бұл жайға,
Тұмсығымен қасынып.
«Ал, құдағи, сен де ұшарсың мұндайда, –
Деді Тауық асығып, –
Жау кеп қапты жайратар,
Сорпамызды қайнатар».
«Сөз болып па осың да, –
Деді Қарға, – қала берем осында.
Сіңлің сірә сойқаныңнан қорқа ма?
Қарғаны ешкім қайнатпайды сорпаға.
Тіпті, олармен тіл табысып кетермін,
Бұйырғанын қаужап, талшық етермін.
Сүйек-саяқ, ірімшік те табылар,
Жолың болсын, жағдайым жоқ жабығыр», –
Қарға солай сайрады.
Ашыққан қу қарай ма?
Жалмай берді іліккенін алайда,
Қарға-дағы сорпа болып қайнады.
* * *
Кей адамдар ессіз соқыр Қарғадай,
Бақыт іздеп жүрген кезде жұлынып,
Аяқасты сүрініп,
Соры қайнар аңдамай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарға мен тауық өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қарға мен тауық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарға мен тауық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарға мен тауық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар