Бөліс – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бөліс» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1305
Ортақ кеңсе, үйлері бар бақшалы,
Саудагерлер әділ істеп жұмысты,
Таудай үйіп ақшаны,
Олжаларын бөлісуге кірісті.
Бірақ, даусыз бөліс бар ма бақсаңыз?
Ақша, зат деп жатқанда олар дүрлігіп,
Өрт шықты деп айқай салды бір жігіт.
«Тез, тез сақтап қалыңдар
Үйді өрттен шарпыған!»
Бірі қатты бақырып жүр: «Барыңдар!
Бөлісерміз артынан!»
«Тек, мың сомды алақанға салыңдар, –
Деді бірі бірденнен, –
Алмай кетпен бұл жерден!»
Маған екеу жетпейді, міне, есеп күмәнсіз», –
Тағы бірі қышқырды: «Келіспейміз бұған біз!
Неге, не үшін, неліктен?!»
Істері жоқ өртпен

Жатқан кезде шуылдасып, қарлығып,
Антұрғандар деміккен,
Жанып кетті байлығының барлығы.
* * *
Кейбір істе бағалы
Апат төніп тұрғанымен айқын-ақ,
Күресудің орнына ұйымдасып шамалы,
Өз пайдасын әркім-ақ
Қарастырып бағады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бөліс өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бөліс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бөліс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бөліс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері