Квартет

Бұл бетте «Квартет» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2988
Есер Маймыл сормаңдай,
Есек,
Теке,
Және Аю қорбаңбай
Квартетте ойнамақ боп ойлады.
Тауып нота, қос қобыз, альт, басты да,
Жайғасты кеп дәу жөкенің астына.
Танытпақ боп таланттарын бойдағы,
Тартты шекті – әуен шыға қоймады.
«Тоқтатыңдар! – деді Маймыл нақұрыс, –
Қайдағы әуен? Дұрыс емес отырыс.
Аю, баспен альтқа қарсы орналас,
Волторнаға қарсы отырам мен-дағы.
Кереметтей күй ойналып сонда, рас,
Тау мен тастың билегенін көр-дағы».
Солай етті тап бірден,
Шықпады әуен тәтті үнмен.
«Тоқтатыңдар! – деді Есек те, – Таптым мен,
Бір қатарға отырсақ біз тізіліп,
Әуен шығар сызылып».
Көріп еді Есекке де бағына,
Шықпады әуен тағы да.
Отыруы турасында кім қалай
Бірталай
Жатқанда олар кергісіп,
Әнші Бұлбұл жақынырақ келді ұшып.
Барлығы оған жалынып: «Бізге көмек бер, – деді, –
Шешу үшін күдікті, бір сағатты бөл, – деді, –
Келмей тұр-ау Квартеттің жөндеуі,
Нота да бар, аспап та бар, көр, – деді, –
Қалай отырған жөн?» – деді.
«Болу үшін музыкант икем керек ең кемі,
Және құлақ алымды, –
Деді Бұлбұл, – достар, орындарыңды
Өзгерткенмен он жерден,
Әуен шықпас сендерден».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Квартет өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Квартет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Квартет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Квартет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері