Өлең, жыр, ақындар

Жалпы жиын

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 988
Қандай тәртіп орнатпа,
Оған егер арсыз адам қол қатса,
Асырып ол айласын,
Қарастырар тек өзінің пайдасын.
* * *
Қасқыр жауыз Арыстаннан өтінді,
Тағайында басшысы етіп Қойдың деп.
Түлкі келіп сөзге құлақ қойғын деп,
Қасекеңді біраз мақтап лепірді.
Арыстан да кетпесін деп ел гулеп,
Тез келсін деп барлық аңға бұйырды,
Өткізбек боп жиынды.
Сұрамақ ол анадан да мынадан,
Қандай пікір айтады деп кім оған.
Айтқандай-ақ барлық аңдар қосылды,
Әрқайсысы өздерінше жосылды,
Болмады ешкім Қасқырды әсте сынаған.
Қойға басшы бола қалды ол енді.
Ал, Қойлар ше? Қасқыр жайлы не деді?
Сол жиынға келген Қойлар көп еді,
Бірақ, ешкім Қой сөйлесін демеді,
Сол еді ғой Қасқырға да керегі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазақ космонавт

  • 0
  • 0

Көп жылдан бері
Қазақстан жері
Басы байланған
Космодромға айналған.

Толық

Марал мен дәруіш

  • 0
  • 0

Өлген лағын көз алдына келтіріп,
Жүрген Марал көңілі тым нала боп,
Тауып алып тоғайдан қос Бөлтірік,
Бауырына басты оларды ана боп.

Толық

Нан мен балалар

  • 0
  • 0

Балалар мұрнын шүйіріп,
Қарамай нанға шулады.
Тас жұтқан жақсы түйіліп,
Деп олар текке тулады.

Толық

Қарап көріңіз