Маса мен малшы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Маса мен малшы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1369
Ұйқтап жатты Малшы сеніп төбетке;
Бұта ішінен жылан шығып кенеттен,
Соған қарай бет бұрды;
Өлер еді Малшыға ол төксе уды.
Маса көріп, Малшыға ұшып барды да,
Тездеп шағып алды да.
Малшы оянып, өлтірді сол жыланды;
Алдыменен ұйқылы-ояу бұл әлгі
Масаны езіп жоқ қылды.
* * *
Мұндай мысал көп түрлі:
Әлсіз кейде айту үшін шындықты,
Ізгі оймен сынай қалса белдіні,
Оның-дағы көретіні белгілі
Маса көрген сұмдықты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері