Бұл бетте «Көлеңке мен адам» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұстаймын деп болды әуре Көлеңкені бір Есер:
Қашып берді Көлеңке, қуып еді ол ілесе,
Көлеңке де жүгірді, жүгіргенде ол тіресе.
Қосқанда Есер екпінді, ол да зырлай жөнеді,
Бар байлығын қоятындай тартып ап.
Есер кенет қашып еді артына,
Көрді, енді Көлеңке оны қуып келеді.
* * *
Аруларым, мұндайды көп тыңдағам,
Бірақ, сөзді сендер жаққа бұрмағам.
Ал, Бақыт ше, сол жұмбақ боп тұр маған:
Кейбіреулер жолы болмай тынады,
Азаптанып қанша айлаға басса да.
Кейбіреулер қанша одан қашса да,
Ондайларға Бақыт жақын тұрады.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі