Өлең, жыр, ақындар

Теңізші мен теңіз

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2754
Толқынменен құм жағаға шығып қап,
Қалжыраған Теңізші кетті ұзақ ұйқыға.
Ояна сап, Теңізге тиісті ол құйтыға:
«Сенсің, – деді, – бүлік нақ!
Жатқандай боп тыныстап,
Бізді өзіңе шақырасың, арбайсың,
Сөйтесің де, түгел жұтып жалмайсың».
Сонда Теңіз толқынымен ырғақты
Теңізшіге тіл қатты:
«Мені айыптап, текке кінә тағасың,
Менде жүзу қауіпті емес, қарашы.
Туласа егер тұнық теңіз тұлданып,
Онда оған айыпты сол ұлдары:
Солар мені мазалайтын азынап,
Егер маған сенбесең,
Байқап көрші өзің-ақ.
Жолға шыққын кемемен желдің үні сөнгенде,
Салмақтырақ болам сонда жерден де».
Тура айтамын – дұрыс ақыл, шындық сол,
Бірақ, желсіз желкенмен орныңнан тек жылжып көр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Теңізші мен теңіз өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Теңізші мен теңіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Теңізші мен теңіз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Теңізші мен теңіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері