Шаршадым деме – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Шаршадым деме» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.11.2020
  • 0
  • 0
  • 4274
Шаршадым деме,
Шаршауға сенің хақың жоқ!
Шырылдап жүрсең шынымен егер халқым деп,
Азамат аз ғой алаңдауы көп Алашта
Болғанмен мұнай, көмір мен темір, алтын көп.
Лашындай жырлар шығады­ау ұшып лашықтан,
Жасындай мінез көрінбес бірақ жасықтан.
Жан бағар кез бе жағаңнан жаһан алғанда
Жанкешті керек, иірер алшы асықты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері