Үнді қызына – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Үнді қызына» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 799
Кеп толғанып, кеш оянған сезімдей,
Достығымыз сарқылмас кен көзіндей.
Барар жолың бір табысар, бауыр ел,
Сүйем сенің өнеріңді өзіндей.
Жақсы достай жылдар жүріп ұғысқан,
Ойымыз бір тілегіміз туысқан.
Бір арнаға жырларымыз қосылсын,
Ганга қызы, шырқа әнді, Шығыстан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері