Аза – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Аза» атты Абдрахман Асылбек жазған жоқтау өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1267
Ертеректе көне Мысыр елінде
Салтанаттап, байлар өлсе ардақты,
Жылайтұғын жоқтаушылар жалдапты.
Атақты бір сондай қаза кезінде –
Жоқтаушылар азаланған кейіпте,
Сол өлікті мына өмірден жаңғырық
Шығарып сап тыныштыққа мәңгілік,
Бара жатты бейітке.
Осы тұста жүрген біреу қаңғырып,
Әлгілерді туыстары екен деп,
«Айтыңдаршы, – дейді ол, – қуанар ма едіңдер,
Қайта оралса кебінді ер?
Әулиемін, айтқанымды етем тек:
Дұға оқысам Тәңіріне тапсырып,
Тірілте алам дәл мұны».
«Әке, – депті барлығы, – қуант біздей жарлыны!
Тілегіміз – жаса жалғыз жақсылық,
Бес күн жарық көрсін де,
Сонсын қайта өлсін де.
Тірісінде көрген жоқпыз пайда одан,
Алда да ол бізге тиын берер ме?
Өле қалса егерде,
Жылау үшін жалданар ек қайтадан».
* * *
Аз емес-ау сондай байлар қайдағы
Өлімімен пайдалы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аза өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Аза өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аза өлеңі не туралы?

Бұл шығарма жоқтау өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Аза өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері