Бұл бетте «Бейнетқор аю» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бір мұжықты көре қап иіп жатқан доғаны,
Және оны асырған тез пайдаға,
(Ал, доға үшін керек шыдам, айла да),
Аю-дағы тап солай еңбек етпек болады.
Кірді орманға, сатыр-сұтыр айнала,
Содан кейін салып ойран-бүлікті,
Жөке, қайың, қарағайды, шілікті
Тентек Аю шеттерінен сұлатты,
Әуреленді, бірақ құр.
Жөн сұрауға мұжыққа ол жөнеді,
Деді бара: «Айтшы, көршім, себебін,
Ағаштарды отауымда бар ма мін?
Бірақ, одан доға ие алмадым,
Мұның қандай құпиясы, сыры бар?»
«Достым, – деп ол ашты сыр, –
Шыдам керек бастысы,
Ұғып ал».
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі