Өлең, жыр, ақындар

Диірменші

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1701
Сызаттанды диірменнің тоғаны,
Күш алмаған ол әлі.
Тоқтар еді тоған да,
Диірменші қамданғанда табанда.
Жырынды су үдей түсті күн санап,
Бір үн шықты маңайда:
«Ей, Диірменші, абайла!
Бейқам болма мұншама».
Диірменші айтты: «Қауіптену бекерлік,
Тоған суы жетерлік,
Осылай-ақ пақуатты тұрамын».
Жатқанда ол ұйықтап,
Жұлқынып су бұзды тоған құлағын.
Тіреп анық тұйыққа,
Тасы айналмай, тоқтап қалды диірмен.
Аласұрып Диірменші күйінген,
Суды қалай тоқтатуды ойлады,
Жіті қарап, тоған бойын бойлады.
Тауықтарын көре сап су ұрттаған:
«Оңбағандар, – деді айқайлап, – мұттаһам!
Суды өзім жеткізе алмай тұрғанда,
Жүргендерің қанып ішіп бұлғаңдап».
Қырды бәрін бір таңда.
Не демексіз оған сіз?
Қалды ақыры тауықсыз да тоғансыз.
* * *
Осы сынды шамалы
Ақымақтар бар әлі,
(Бұл мысалым ондайларға тартуым).
Кейде мыңдап жұмсағанда мол шашып,
Үнемдеп-ақ балауызды болмашы,
Ойлар байлық артуын.
Берекесіз әурелікпен жүргенде,
Тап осындай ғажайыпты білген бе?
Тап-тақыр боп шыға келер бір демде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Зеңбіректер мен желкендер

  • 0
  • 0

Желкендер мен Зеңбіректер бұрынғы
Қоздырды жаулық жарасын.
Зеңбіректер көтеріп ап мұрынды,
Көк төсіне үңілді:

Толық

Жалт етіп қара көзің, көп қарадың

  • 0
  • 0

Жалт етіп қара көзің, көп қарадың,
Сол бір кеш жүрегіме от қаладың.
Қиылып сонша неге қадаласың?
Ұқсатқан маған, әлде жоқ па адамың?

Толық

Менің елім

  • 0
  • 0

Тауларда не көп?
Бұлақ көп,
Бақ көп!
Бауларда не көп?

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар