Табандар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Табандар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1126
Әулісінде бір байдың
Мөлдір суда ыңғайлы
Өсіп жатты Табандар.
Жүзді олар жарқырап, дегендейін қараңдар,
Өтіп жатты күндері, уайым жоқ алаңдар.
Кенеттен
Тоғанға бай Шортаннан жіберіңдер деді өктем,
«Аясаңшы, байеке, – досы оған деді еппен, –
Орынсыз-ау талабың.
Шортандардан қайыр күтіп болмайды:
Табандардың қылқаны да қалмайды,
Білмеймісің жауыздардың аранын?»
«Сөзің жөнсіз бұл айтқан, –
Мырс етті бай, – барлығын да білемін,
Басқа, бірақ, тілегім,
Табандарды сүйеді деп кім айтқан?»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері