Өлең, жыр, ақындар

Қасқыр мен түлкі

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2659
Жапанда Қасқыр жорытты,
Түлкіге барып жолықты.
Ақтарып сырын алдында,
Азулы арлан торықты:
– Талайдан жолым болмай жүр,
Басыма бақыт қонбай жүр.
Өлтіре сынап Крылов,
Тірлігім содан оңбай жүр.
Қоралы қойға шапқанда,
Түсемін бірден қақпанға.
Барады құрып тұқымым,
Басқалар өсіп жатқанда.
Түлкі айтты:
– Илан мынаған,
Крылов деген бір адам
«Қулық, – деп, сенің сыбағаң»,
Мені де қатты сыбаған.
Емеспін кенде күнәдан,
Біледі жақсы мұны адам.
Сорлаған жоқпын сонда да,
Келемін әлі дін аман.
Қорқаулық, көзсіз, ерлігің –
Ендігі жерде кемдігің.
Қулық пен асқан айланы
Асырар іске келді күн.
Жүрекке жылы, жұғымды
Бұл сөзді бөрі ұғынды.
Айналды лезде Түлкіге,
Өзгертіп тонын бұрынғы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Солақай

  • 0
  • 0

Қол,
Қол болған соң сол:
Оң мен Сол.
Оңды оңқай дейді,

Толық

Медеу

  • 0
  • 0

Алатаудың ақтарылып ақ қары,
Шақырады шаттығына шатқалы.
Құзар шыңы көзді тартып қияннан,
Бал үнімен балқытады бақтары.

Толық

Қараторғай

  • 0
  • 0

Биік талдың басынан
Көріп қараторғайды,
Менің інім Асылхан
Үркітем деп болмайды.

Толық