Бұл бетте «Ізденіс» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жеңгейлер де бар ма деп жесір қалған,
Сыздықтатып сыр тартам не сырлардан.
Тұяғынан аттардың жата қалып,
Күй тыңдаймын келешек ғасырлардан.
(Ө.НҰРҒАЛИЕВ. Қиял өрнегі. 17-бет)
Қарай-қарай қыздарға көзім талған,
Талай-талай төгілген сезім маржан.
Ары-бері алқынып, аласұрып,
Бір бұла күш бойымнан төзімді алған.
Бір бұла күш бойымнан төзімді алған,
Төзімді алған,
Есіріп есім танған.
Талай-талай есікті тарсылдаттым,
Жеңгейлерден бар ма деп жесір қалған.
Жеңгейлерді таба алмай жесір қалған
Сыздықтатып сыр тартқам не сырлардан.
Ақырында аттардың тұяғынан
Күй тыңдағам келешек ғасырлардан.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі