Мен кеттім қияли боп, лақсаланып – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Мен кеттім қияли боп, лақсаланып» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 657
Мен кеттім қияли боп, лақсаланып,
Жылт еткен бір нәрсені бақ санадық.
Көкжалқақ мұнар шалған мұңды әлемнен,
Жарады, жаным сені, тапсам анық.
Бейкеспір пендемін ғой дедектеген,
Жырылып, бұл қоғамнан бөлектенем.
Жанымның ауырғанын сезеді де,
Келеді әрқашан да көмекке өлең.
Желемік өзің жақтан есетіндей,
Бір істі жасамайсың бес өтінбей.
Жамылып қызыл іңір барғанымда,
Жолымды қара мысық кесетіндей.
Көзіңді сағынамын нілге малған,
Жібермес бір жалмауыз күндеп алған.
Мағшар сәт – саған да ыстық, маған да ыстық,
Жылт етіп өте шыққан шілде жалған.
Қалайша, сәулім, саған жолығамын?
Алдымда жауын, дауыл...
Долы, қалың.
... Ішемін кеудеңдегі күйігіңді,
Көзіңнен аққан жасқа шомыламын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері