Қыпшақтарды тонады, талқандады – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Қыпшақтарды тонады, талқандады» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1104
Қыпшақтарды тонады, талқандады,
Датқалары қалмақтың талтаңдады.
Мейманасы тасып тұр, қайтсін енді,
Быт-шыт қылып өрісте, мал таңдады.
Қыстап тұрып, кәпірлік дінге енгізді,
Жасамақ боп ұмтылды дүнген21 бізді.
Христиандар шіркеуде шоқындырды,
Тәңірінің жолында жүрген бізді.
Қарцагтағы шіркеуде шатылды анық,
Құл базарда «тауар» боп, сатылды ал, ұқ...
Мажарстан, бір шеті Мысыр жаққа,
Тұтқын болып айдалды қапыл қалып.
Мәмүліктер малдай боп топылғанмен,
Балағатпен шіркеуде шоқынғанмен.
Ұмытпады сүрені «Тәңірі, амин»,
Іске аспайды дәнеңе опынғанмен.
Жайттар көп қой тірлікте, «ұқсақ» деген,
Кірпияздау шалдарға ұқсап келем.
Ана тілін жоғалтты.
Ал, жадында,
Жалғыз ауыз сөз қалды «Қыпшақ» деген.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері