Жер мен жырдың салмағы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жер мен жырдың салмағы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1283
6 000 000 000 000 000 000!
Санап шығып осынау бір таңбаны,
Алты секстрильон тонна дер
Жер шарының салмағы.
(Т. МЕДЕТБЕКОВ. Дауыс. 5-бет)
Әркімнің бар басында бір арманы,
Келер сірә тарихта өшпей қалмағы.
Біреулер жүр тыным таппай күн-түні,
Талдауменен тастардағы таңбаны.
Әркімнің бар басында бір арманы.
Көрші барып қой өсірген ферманы
«Мал баққанның малдан басқа мұңы жоқ»,
Керегі оған – қошқарының салмағы.
Әркімнің бар басында бір арманы,
Санап көрші он сегіз ноль танбаны...
Келе жатыр қинауменен, ал, мені
Қара жер мен қара өлеңнің салмағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері