Бізге не қалды? – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бізге не қалды?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1070
Ерлер киер тымақты
Қыздар киіп, ұнатты.
Ерлер киер жейдені
Қыздар киіп, ерледі.
Ерлер киер шалбарды
Қыздар киіп, паңданды.
Ерлер киер етікті
Қыздар киіп кетіпті.
Ерлер буар белдікті
Қыздар буып, желікті.
Ерлер тағар сағатты
Қыздар тағып, таратты.
Ерге ұқсатып басты да,
Қыздар қырықты шашты да
Ерлер шегер шылымды
Қыздар шегіп бүлінді.
Ерлер ішер сыраны
Қыздар ішіп тұрады.
Ерлер мінер таққа да
Қыздар мінді мақтана.
Осыдан-ақ біліңіз,
Қиын боп тұр күніміз.
Еркек деген атты да
ҚЫЗдар бір күн ап тынар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері