Өлең, жыр, ақындар

Диплом сыры

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1253
Қалмайын деп жұрттан,
Оқып жүрмін сырттан.
Атын оқу демесең,
Сор-азапқа теңе, сен.
Алты-жеті балам бар,
Алпыс бесте анам бар,
Ақ сақалды шалым бар,
Азын-аулақ малым бар.
Шықпай жүрген жаным бар,
Шын сөзіме наныңдар.
Ақылымды жарымдар
Шайпау мінез жарым бар.
Әкем үміт артады –
Бала етектен тартады.
Анам үміт артады –
Жар етектен тартады:
«Еркек болмай құрып кет,
Қара жерге кіріп кет!
Балаң болса, анау,
Киімдері жамау.
Қемпір-шалың, мынау,
Көк жөтел мен тымау.
Не қадірлі киім жоқ,
Не бағалы бұйым жоқ.
Қалтаңда көк тиын жоқ
Қатарыңа сыйың жоқ.
Алмаған соң диплом,
Осы көрген күй кілең», –
Деп күйіне қымбаттым,
Түйіледі тым қатты.
Содан, не керек,
Секілді көбелек
Тынымсыз ұшып жүрем,
От пен суға түсіп жүрем.
Басталғанда сессия,
Алмай тіпті ес жия,
Кітап бетін аша алмай,
Аптығымды баса алмай,
Қағып түбін қалтаның,
Астанаға тартамын.
Әй, бірақта, құрысын,
Оңға оралмай бір ісім,
Әрең-әрең ілініп,
Көп сабақтан сүрініп,
«Қарыз» болып қайтамын,
Қайсы бірін айтамын.
Бір диплом арманым,
Көріп алдым қалғанын.
Жайраң қағып жарым да,
Жай табар ед жаным да.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Таңғы серуен

  • 0
  • 0

Таңертең жайланып,
Атыңа мінсең бір.
Аулыңның аймағын
Аралап жүрсең бір.

Толық

Ақ лақ

  • 0
  • 2

Күні бойы, ақ лақ,
Мазаланба маңырап.
Сағындың ба енеңді,
Кешке келер ол енді.

Толық

Мысық пен күшік

  • 0
  • 0

Бір үйдің бір Мысығы
Болды және Күшігі.
Көршіліктен жоқ белгі:
Бірін-бірі жек көрді.

Толық

Қарап көріңіз