Көршінің хикаясы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көршінің хикаясы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1414
Көршім кейде ішіп алып,
Нарттай қызып, ісіп алып,
Жарын қуа жөнеледі,
Қыр соңына түсіп анық.
Жеткен жерде салып қалып,
Жары байғұс талып қалып,
Талай рет тірілткенбіз,
Емханаға алып барып.
Қайта-қайта қапы қалған
Әйел әбден запы болған.
Ері мас боп келген күні
Бөтен үйде жатып алған.
Қершім содан зыр қағады,
Долданады, бұрқанады.
«Қатынымды табыңдар!» – деп,
Әр есікті бір қағады.
Қөрінгенмен шатылады,
Бала қорқып бақырады.
Болғаннан соң қиын екен
Адамның шын ақымағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көршінің хикаясы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Көршінің хикаясы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көршінің хикаясы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көршінің хикаясы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері