Шапан

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1846
Алпысқа толып Алпысбай,
Жамылды шапан алпыстай.
Дос-жарандар баршылық,
Жасады, бірақ, таршылық:
Шапан деген күй бола ма?
Салынатын үй бола ма?
Марыдымды сый бола ма?
Одан да бір «Вольваны»,
Немесе бір «Волганы»
Сыйлағаны жөн еді,
Күткені де сол еді.
Амал не, Алтекеңнің бағасы да,
Елдің қазіргі шамасы да.
Өзге түгіл өз баласына
Күші жетпей қарасуға,
Қарап қалған жоқ па қара суға.
Алпысбай, алайда, айла тапты,
Шапаннан да пайда тапты:
Базарға апарып сатып жүрді,
Ақшаға белшеден батып жүрді.
Жиналған теңге олжа болды,
Көнелеу бір «Волга» болды.
Ол да болса көлік қой,
Аз да болса желік қой,
Алтекеңді енді көріп қой.
Осылайша тасынып жүр,
Жетпісін тойлауға асығып жүр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шапан өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шапан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Шапан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шапан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері