Өлең, жыр, ақындар

Атжалман

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1783
«Жұт жеті ағайынды» дегенді
Түсініп қалды ел енді.
Айлығың арағыңа жетпей,
Не тамағыңнан өтпей,
Жан сақтап шаққа,
Қиналып жүрген шақта,
Тазалықтың жоқтығынан,
Кір-қоқыс боқтығынан
Қаланы Маса қаптады,
Ұйқыдан безді шаққаны.
Денесі қотыр болды,
Бет-аузы шотыр болды.
Оған да құлдық,
Одан да сұмдық:
Егеуқұйрық деген бәле жетті,
Көрген жаннан зәре кетті.
Метроға да толады екен,
Кабельдерді тісімен орады екен,
Тіпті, адамның қанын да сорады екен,
Дегенді естіп таңданғанбыз,
Ластықтан шығар деп шамданғанбыз.
«Күлме досқа,
Келер басқа», –
Деген сөз басымызға келді,
Атжалмандар қасымызға келді.
Білмейтұғын тобаны,
Тарататын обаны,
Егеуқұйрық деген осы да,
Шошы, мейлі шошыма,
Өзі тез өседі екен,
Кез келген нәрсені теседі екен.
Таяқтап жатсаң да көнбейді,
Мылтықпен атсаң да өлмейді,
Уыңды су құрлы көрмейді.
Тісі болаттай,
Өткірлігі орақтай.
Темірден басқаның бәрін кеміреді,
Тез-ақ семіреді.
Үлкендігі борсықтай,
Қарыны торсықтай.
Оңашасы табылса,
Төрт-бесеуі жабылса,
Баланы да жеп қояды,
Адамды да жеп қояды.
Сондықтан, саяжайға,
Қаладан дара жайға
Жөн болар жеке брмағаның,
Түнде түнеп қалмағаның,
Қалсаң – Атжалманның жалмағаны.
* * *
Иә, Атжалмандарды жою керек,
Көздерін ою керек,
Қатерге нүкте қою керек.
Ол үшін соттың да,
Керегі жоқ оттың да,
Тазалық болса жетеді:
Егеуқұйрық тышқаның да,
Оба деген дұшпаның да –
Бәрі де құрып кетеді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арыстан

  • 0
  • 0

Кәрі Арыстан төсек етіп тақырды,
Жамбасы ауырып, жата-жата жалықты.
Жылуы да жоқ еді бір қалыпты;
Бағынышты боярларын шақырды:

Толық

Екі бөшке

  • 0
  • 0

Екі Бөшке келеді: бірінің бар шарабы,
Бірінде
Түгі жоқ түбінде.
Біріншісі домалады шамалы

Толық

Кезбе мен аю

  • 0
  • 0

Керек жерде көмек берген асыл жан,
Бірақ, ондай адам аз ғой бүгінде.
Ақылсызбен жолдас болма түбінде:
Ақымақ дос қауіптірек досыңнан.

Толық

Қарап көріңіз