Базардағы жазушы
Бұл бетте «Базардағы жазушы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Базарда балық сатып жүрген
Бір досымды көріп қалдым.
Бардым да жақын бірден,
Сұрақты беріп қалдым:
– Жазушы едің ғой, мұның қалай?
– Жағдай осы, інім, солай...
Классик болмасам да,
Ортаңқолды жазушы едім.
Шабыттанып анда-санда,
Оны-мұны жазушы едім.
– Жазбайсың ба роман,
Тыйым салған кім оған?
– Жазамын ғой, шықпайды,
Бірақ, қатыным ұқпайды,
Ақша тап деп нықтайды.
– Баспаға бармайсың ба?
– Заманды аңдайсың ба?
Баспа жазғаныңды баспайды,
Кері итеріп тастайды.
Сонда, қасқағымда
Жазуды тастадың ба?
– Кәсібім бар басқа мұнда:
Күнде бақшадан
Жауынқұртын қазып жүрмін.
Балықтан түскен ақшаға
Басымды жазып жүрмін.
Икемім жоқ басқаға,
Осылай азып жүрмін.
– Енді не істемек ойың бар?
– Кітап жазуды қойыңдар.
Ертең біздің аулаға кел,
Жауынқұртын қазамыз.
Ақша табатын саудаға кел,
Басты бірге жазамыз.
* * *
Өз сұрағыма қысылдым,
Не дерімді білмедім.
Сонда барып түсіндім
Өтпелі кезең дүрмегін.
Көп өнерпаз кісінің
Қандай күйде жүргенін.
Қолыңнан келсе, көмек ұсынғын,
Бірақ, достым, күлмегін.
- Айсұлтан Сейітов
- Бернард Шоу
- Марк Твен
- Белгісіз
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі